Қыстыгүні тұмаудан қорғанудың қарапайым кеңесі

Шымкентте алғашқы қар жауды! Күні кеше ғана осылай қуанған едік. Бүгін жауған қардың пұшпағы да қалмай еріп кетті. Шырайлы Шымқала ақ шапанға орынғанын көрген замандастарымыз сол сәтте -ақ бір-біріне хабарласып, алғашқы қармен құттықтап жатты. Себебі, қаламызда күн әрдайым шуағын шашып тұратыны бар. Жастар қауымы әппақ қарды сағынғаны соншалық, алақанына алып, әп сәтте еритін қардың меруерттеріне көздері тоймай, далада жүрді. Ауа райы да күрт суытып, қыстың ызғарын сездірді бұл күні. Қала тұрғындары қалың шапандарын киіп көшеге шықты. ОҚО төтенше жағдайлар туралы департамент жуырда Шымкентте күннің күрт суытатынын ескертіп отыр. Төтенше оқиғалар мен бақытсыз жәйттердің алдын алу үшін әрине.

Қыстыгүні суықтың денеге әп-сәтте өтетіні бар

Сондықтан жерлестерімізге сауысқаннан сақ жүріңіздер дегіміз келеді. Мәселен қыстыгүні көбіне тұмау аурумен ауыратынымыз бар. Ал осы аурудан қалай қорғану керектігін білеміз бе? Әрине, суықтан қорғану қажет алдымен. Ол үшін жылы әрі қалың киімдерді киіп, тамақ тұсымызды жауып жүргеніміз абзал. Ал егер суық жел үрген жағдайда, жөтел қысатыны белгілі. Сол кезде дәкеге сарымсақты турап, үстіне жылы сүт себелеп,  тамағымызға ораймыз. Ыстық-ыстық шәй ішіп, көрпенің астында 1 сағаттай уақыт ұйықтасаңыз жеткілікті. Тұмау мен көкжөтелден аттай болып жазылып кетесіз. Бастысы, 1 сағат бойы көрпеңізді ашпай жатсаңыз болғаны. Сонымен қоса бір кесе сүтке бір қасық сары майды салып ішсеңіз де тамағыңыздағы кептелген қақырықтарды тастайсыз. Егер осы сүтке сарымсақтың бір кішкене ғана бөлігін салып ішсеңіз де көк жөтелдің алдын алады.

Қыстыгүні тұмаудың алдын алудың халықтық жолдары

Ал егер бұдан да түк шықпаса, ұйықтар алдын аяғыңызды жылы суға малып, 15 минут ұстайсыз. Денеңізді этил спиртімен сүртіп, көрпеге оранып ұйықтайсыз. Ыстық сорпа тағамын ішсеңіз тіптен көмектеседі. Ешқандай суық сізге жоламайды. Әсіресе қыстыгүні сәл желең киіне қалсаң, суықтың лезде өтіп кететіні бар. Сондай жағдайда мынау халық емі Сізге жәрдемдеседі. Ал бұл әдіс-тәсілдер қыстыгүні тұмаудан қорғанудың қарапайым кеңесі!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*