Қыстың ызғарынан қорғанудың қарапайым әдістері

Шымқалада нағыз қыс мезгілі басталды! Бұлай әзілдеуміздің де жөні бар! Себебі, алдын қар жауғанымен, дәл бүгінгідей бораған емес еді. Сондықтан жылы киініп, суықтан қорғануға тура келеді. Суық ызғар арқылы ағзамызға суық тиіп, ауырып қалуымыз да ғажап емес. Мәселен, жәй ғана терезені ашып, таза ауа жұтуға талпынғанның өзінде тамағымызға суық тиіп, соңы тұмауға әкеп соғуы мүмкін. Әрине, бұл жағдайда жоғарыдай айтқанымыздай сауысқаннан сақ болып жүрген дұрыс.

Терлеп тұрып терезені ашып, таза ауа жұту да кері әсерін беруі ғажап емес
Терлеп тұрып терезені ашып, таза ауа жұту да кері әсерін беруі ғажап емес

Ал байқаусызда суық тигізіп алсақ, міндетті түрде алғашқы көмекке жүгінуіміз керек. Сарымсақты сүтке салып немесе таңертең аш қарынға балды ыстық сүтпен ішкен маңызды. Сонда тамақтың қабынған тұстары лезде босаңсып, суық жойылады. Ал бұл әдіс әсер етпейтіндей жағдайда ыстық сүтке сары май салып халық емін қолдану қажет. Сонда міндетті түрде айығасыз. Себебі, қар қалың жауғанда жер бетіне ызғарлы аяз түседі. Сол аяз адам бұлшықеттерін қабындырып, денсаулыққа залалын келтіреді.

Суық тиюдің алғашқы белгілерінің бірі осылай байқалады
Суық тиюдің алғашқы белгілерінің бірі осылай байқалады

Сол себепті, аурудың алдын алған орынды екенін білейік. Сондықтан кун суытып, ызғарын төгіп жатқан ауа райында тамақ тұсымызды жауып, салқын тиіп қалмауы үшін орамалмен де қорғанған жөн болар еді. Ал ең бастысы тұмау жұқпалы қасиетке ие! Сырттан келетін ауа арқылы да таралуы мүмкін. Сондықтан өзіңіз тұмаумен ауырып жатсаңыз немесе тұмаумен ауырып жүрген жандар араңызда жүрсе міндетті түрде «қорғаныш маскасын» тағыңыз. Бұл ортаның залалынынан қорғап қана қоймай, аурудың алдын алуды маңызы зор. Ал тамақ тұтынуға келетін болсақ, асқабақ сорпасын ішіңіз, ыстық сүтке салып, шекерді аз мөлшерде қосасыз. Бұл да айтарлықтай өз көмегін қосады.

Тамағыңыз суықтаса міндетті түрде тәттілерден бас тартыңыз
Тамағыңыз суықтаса міндетті түрде тәттілерден бас тартыңыз

Айта кететін жәйт, суықтан қорғанамыз деп тұмшаланып, үйге қамалудың да қажеті жоқ. Анда -санда 15 минутқа таза ауа жұтып, далада серуендеу керек. Сонда адамның ауруға қарсы тұру қажыры жоғарылап, иммунитиеті артады. Таза ауа тыныс алу жолдарындағы ауаны тазартып, ағзаны таза ауамен қамтамасыз етеді. Сонда тұмау мен тыныс алу жолдарындағы «вирустар» күшін жоғалта бастайды. Сонымен қатар, тәттілерден де бас тартасыз. Кей адамдар тамағы суықтаса болды тәттілерді жеуді лезде тыяды. Ал енді бірі сезу қабілетіне назар аудармай, жей береді. Бұның соңы дене температурасының жоғарылауына әкеп соғуы да мүмкін.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*