Қыран тобы Шымкентке келді

Қыран тобы
Қыран тобы

Осыдан екі жыл бұрын құрылған «Қыран» тобының әнші жігіттері бүгінде өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп әсем әндерімен әуелетіп жүр. Жақында өнерлі жігіттер Шымқалаға қонаққа келіп, арнамызға арнайы сұқбат берді. Оңтүстік халқына өздерімен бірге жаңа бейнеклиптерін ала келген екен. Бұл жолы да «Қыран» тобы махаббат тақырыбын таңдапты.
«Қыран» тобының әншісі Ақылхан Әуелбеков
Бейне баян өзімізде Алматы қаласында түсірілді. Тағыда сол махаббат тақырыбында. Ендігі бағасын өнер сүйер қауым береді. Жалпы бейнеклип сюжетпен түсірілді.

Алматы қаласында өнерлерін шыңдап жүрген топтың жігіттері продюсерсіз әнші болу мүмкін емес деген пікірді ұстанады. Өйткені жаңа ән жаздыру керек. Оған бейнеклип түсіру дегендей. Мұның барлығына егер сапалы етіп жасаймын десеңіз қыруар қаржы керек. Бұл қиындықты бастарынан өткергендерін Қыранның жігіттері жасырмады.

Саламат Бейсбаев «Қыран» тобының әншісі
Шыны керек бізге ешкім көмек берген жоқ. Алдымен Алматы қаласына барғанда қатты қиналдық. Бірақ талмай еңбектенгендігіміздің арқасында биік белестерден көрініп жүрген жағдайымыз бар. Қазір продюсерсіз жұмыс жасау қиын. Продюсеріміз жас болса да бас болып жүрген өзіміздің құрдасымыз Бағлан Әуелбеков деген жігіт. Өзінің қабілеттілігімен бізді жетелеп келеді.

Әнші жігіттердің өнерсүйер қауымға жеткізер жағымды жаңалықтары — биыл топтың құрылғанына екі жыл толды. Осыған орай жігіттер шамамыздың келгенше атап өткіміз келеді дейді. Егер сәтін салса, патриоттық ән жаздырып үлгерсек оған бейнеклип түсіріп аталған кеште жаңа туындымыздың тұсауын кесеміз дейді өнерпаздар.

Қайсар Қуанышев «Қыран» тобының әнішіс Екі жылдығымызды ерекше етіп атап өткізгіміз келеді. Бірақ жоғары денгейде атап өтетіндей көп уақыт емес қой. Сондықтанда осы туыған күнімізге қарсы патриоттық тақырыпта жаңа ән жаздыру ойымызда бар.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*