ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева «Жаңа жыл» әнін жаздырды

ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, талантты әнші Роза Рымбаева жуырда қаламызда «Менің елім» тақырыбы аясында шығармашылық кешін бергені есімізде!  Жаңа әндерден шашу шашып, көпшілікке тамаша тарту жасаған өнер иесі бұл кешінде жаңалықтарымен бөліскен болатын. Алайда күні кеше ғана әнші хабарласып, тағы бір жаңа ән жаздырғанын өзі мәлімдеді. Жаңа туынды небәрі екі күн бұрын жазылған. «Жаңа жыл» деп аталады. Бір қызығы — бұл шығарманың өмірге келу оқиғасын әнші әзірге құпия сақтап отыр. Жаңа жылдық мерекелі сахнада орындау алдын міндетті түрде жариялайтын боламын дейді ол. 

Оңтүстікке шығармашылық жолымдағы жаңалығымды айту мені қуанышқа бөлейді, себебі тыңдармандарым менің әндерімді сүйіп тыңдайды дейді әнші
Оңтүстікке шығармашылық жолымдағы жаңалығымды айту мені қуанышқа бөлейді, себебі тыңдармандарым менің әндерімді сүйіп тыңдайды дейді әнші

Роза Қуанышқызы, ҚР халық әртісі: «Мен әндерімді әрдайым жанды дауыста орындаймын. Шын жүрекпен халыққа ұсынамын. Жүректен шыққан ән міндетті түрде жүрекке жететініне сенімдімін.  Әрине, ең алдымен шымкенттің жұртшылығын жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Тек жақсылықтар мен жаңа табыстар, зор денсаулық тілеймін баршаға! Негізі желтоқсан айы мереке мен берекелі ай ғой. Той үстіне, тойға ұласқан. Ал жаңа жылда мен де қазақ еліне жаңа сыйымды ұсынамын. «Жаңа жыл» деген жаңа ән жаздырдым! Енді сол әнімді халқымның алдында орындайтын боламын. Ендеше, жаңа жыл бізге жаңа табыстыр сыйласын деп тілейік!»

Роза Рымбаева Оңтүстік жұртшылығымен жаңа жыл қарсаңында шығармашылық жолындағы жаңалықтарымен бөлісті
Роза Рымбаева Оңтүстік жұртшылығымен жаңа жыл қарсаңында шығармашылық жолындағы жаңалықтарымен бөлісті

Міне, осылайша, халық әртісі жаңа жыл қарсаңында жаңалықтарын Оңтүстік жұртшылығымен бөлісуді жөн көріпті. Ендеше, әнші апамыз бұл әнді ел алдында орындап, халықтың жүрегінің төрінен орын алар әндеріңіздің бірі болсын деп тілейміз. Ал біз сол 31.12.12 деген атаулы датада Роза Қуанышқызының «Жаңа жыл» әнін  үлкен сахнадан орындап, жарқырап сахнаны жандардыратынына сенімдіміз!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*