Қорқордың (кальян) денсаулыққа келтірер зияны

Бүгінде жасы да, кәрісі де қорқор (кальян) шегуге әуес, сәнге айналды десек артық айтпаспыз. Осыдан бірер жыл бұрын бұл термин қазақстандықтар үшін таңсықтау кезде, «жаңа дүниенің ешбір зияны жоқ» деп, барша әлемге жария салғандай болып жарнамаланып еді. Оның еш зияны жоқ дегенді естігендер темекі қойып, қорқорға ауысып жатты. Тіпті бұрын соңды аузына темекіні алып көрмегендер де бас ұрып қорқор тартты.Өз басым темекі және алкаголь өнімдерімен күресуде дәрменсіздік танытып келе жатқан қоғамға бұл да келіп қосылған жаңа дерт деп есептеймін.

Cурет voprosum.ru сайтынан алынды
Cурет voprosum.ru сайтынан алынды

Мейрамханалар мен кафелерде, түнгі клубты айтпағанда, қарапайым демалыс орындарында да тапсырыс берерде мәзірдің алғашқы парағында қорқор тұратын болған. Бір-бір ұзынша созылған кернеулерді ішегі тартылғанша сорып, сағызша созып отыратын қыз-жігіттердің де қатары күн өткен сайын көбейе түсті. Тіпті, базарлар мен дүкендерде қорқор ыдысының неге түрлісі шығып, оны туған күн иесіне, мерекелерде қорқорқұмарларға сыйға тарту сәнге айналды.

Оның неге шегетінін сұрай қалсаң, «еш зияны» жоқ деген жауаппен ақтап қалуға тырысады. Енді міне болары болып, бояуы сіңген шақта, жастар қорқордың құмарлығынан шыға алмай, көк түтініне тұншыққан кезде зиян деп барлығы шу те қалды.

Қорқор шегу темекіден келетін зияннан бес есе асып түседі екен. Оңтүстік Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары да қорқор шегудің соңы денсаулыққа аса зиян екендігін айтып шырылдауда.

Сурет www.misha-shisha.ru сайтынан алынды
Сурет www.misha-shisha.ru сайтынан алынды

Ондағы никотин ағзаны улап, негізінен өкпесіне тұншықтырғыш газ көптеп түседі екен. Оның сору түтігі де арқылы гепатит, герпес, туберкулез сынды жұқпалы аурулардың таралатын бірден бір құралы болып табылады екен. Қорқорды шегу арқылы тұқым қуалаушылық аурулардың да пайда болатынын, болашақ сәбиіңізге де зиянын тигізетін дәрігерлер анықтап отыр. Ми, жүрек, бауыр, бұлшық еттер мен оттегі жетіспеушілігінің де байқалатыны да белгілі болуда. Оған қоса ми мен жүрек соғысының қиындайтынын айтуда медицина мамандары.

Кей зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, қорқорды тартып көрген студенттердің 22 пайызы ешқашан темекі тартпаған екен.

Сондықтан әлі де кеш болмай тұрғанда жастарымыз бұл дерттен арылып, өздерінің денсаулығына аса жауапкершілікпен қараса екен. 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*