Қазақша смайликтерді қолданатын болдық

Сүйіктісіне жіберуге арналған смайлик
Қуанғанда немес қатты күлгенде жіберілетін смайлик

Ғаламторда енді қазақша дүниелер пайда болуда. Енді көп узамай -ақ, әлеуметтік желілерде қазақша смайликтерді пайдаланатын болдық. Мұндай жаңалықты Қытай қазақтары ойлап тауыпты.

Қытайдағы қандастарымызды сауда-саттық жағынан мол мағлұматтарға кенелтіп жүрген қазақ сайттарының бірі «Қазақ сауда торабында» қазақша смайликтердің жарияланғанын көзіміз шалды. «Қазақша» деп отырған себебіміз, бет-әлпет арқылы ішкі көңіл-күйді білдіруге арналған смайликтердің бастарына қазақ тақиясын киіп, өзге смайликтерден дараланып тұрғандығы.

Адам көңіл-күйін тек тек тілмен ғана бейнелеп қоймай бет-әлпеті, қимыл-қозғалысы арқылы да білдіріп жатады. Осының ішіндегі бет-әлпет қозғалысы біршама күрделі әрі маңызды екені баршамызға анық. Сіз біреудің бетіне бір қарап-ақ көңіл-күйін аңғара аласыз. Сондықтан да болар, «Көз–көңілдің айнасы» деп

Арланның ойлап тапқаны
ТҮрлі көңіл-күйді білдіретін смайликтер

жатымыз. Бүгінде шалғайдағы туысқаныңызға, достарыңызға осындай қимыл-қозғалыстарды смайликтер арқылы жеткізіп жүрміз. Олардың көптігінен қарсы жағыңа қандай көңіл-күйде отырғаныңды қаз-қалпында смайликтер арқылы бейнелеп береміз.

Қытайдағы «Қазақ сауда торабында» қазақша смайликтер жарияланды. Бастарына қазақ тақиясын киген смайликтерді аз күн өтпей қандастарымыз көптеген әлеуметтік желілерде пайдалана батады. Оны жасаған Нань Джин қаласындағы Дұң Нань университетінің 3-курс студенті Нұрсал Сетерханұлы болып шықты.

Сайт көрсеткен мекен-жайлар бойынша Нұрсалға хабарластық: Мен бұл смайликтерді жасумен айналысқаныма екі-ақ апта болды. Сабақтан сыртқы бос уақытымды пайдаланып досым Меллат екеуіміз «Қазақ сауда

Суреттер BAQ.KZ сайтынан алынды
Ән айтып жатқандығын білдіреді

торабын» жүргіземіз. Компьютердің сыры-қырына қаныққан мен үшін бұл смайликтерді жасау қиынға түскен жоқ. Біздің басқарып отырған сайт аты айтып тұрғандай саудаға қатысты болғандықтан интернет арқылы тауарларды сатамыз және жарнамалаймыз. Сайт дизайнын де өзіміз жасаймыз. Өзге сайттардан бөгенайымызды бөлектеп тұратын «Сауданай» атты сауда жүгірмегін жасап шыққанбыз. Оның да осындай қазақ тақиясы бар. Сол негізде осы смайликтерді жасау ойыма келді. Алдағы уақытта смайликтердің қыз бейнесін де жасамақшымын.

Дереккөз: BAQ.KZ

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*