Қазақ тілінде ғылыми жоба жұмысын қорғап үздік атанған Тамара

Жеңімпаздарды пойыздан күтіп алу сәті
Жеңімпаздарды пойыздан күтіп алу сәті

Шымкенттік оқушылардың тағы бір үлкен жетістігі. Үнемі шығармашылықпен айналысатын олар ізденімпаздығы мен білімдерін дәлелдеп отыр. Қаламыздағы бірнеше мектеп оқушыларынан жиналған он екі жас ізденуші Көкшетауға аттанып, облыстың мерейін үстем етіп оралды. Осылайша бастауыш сынып оқушылары арасында өткен республикалық  ғылыми жоба жарысы жерлестеріміз үшін сәтінен болды.

Оларды Шымкент темір жол вокзалында ата -аналары мен ұстаздары, сыныптастары күтіп алды. Пойыздан бірінен соң бірі тізіле шыққан оқушылар жолдан шаршаса да, мерейін тасытқан қуаныштарын жасыра алмады.

Бірінші орын иегері -Тамара Цой
Бірінші орын иегері -Тамара Цой

Ең үлкен жүлде бірінші орын. №24  Саттар Ерубаев атындағы мектептің үшінші сынып оқушысы Тамара Цой қазақ тілінде тұт ағашының емдік қасиеті жайында зерттеу жүргізіп, қазылар алқасын тәнті етіп қайтты.Бұл қуанышты хабарды  №24  мектептің барлық ұжымы бірге бөлісуге кірісіпті. Мектеп басшылығы мен жетекшісі кішкентай жеңімпазға арнайы сыйлықтарын ұсынып,сыныптастары ақ тілектерін жолдады.

«Мен есігімнің алдында өсетін үш түп тұт ағашын күн сайын әкем екеуміз  зеттедім.  Бір жыл бойына үшін оны бақылап, өзгеріс пен ерекшеліктерін жазып отырдық. Өзім тұт жемісін жақсы көремін. Ал қазылар алқасы кәріс ұлтынан бола тұра таза қазақ тілінде ғылыми жоба жұмысын қорғағанымды мақтан етті. Бұл жұмысымды болашақта жалғастырғым келеді»,- дейді Тамара.

БҰл мектеп ұжымының алғашқы жетістігі емес. Соңғы уақытты оқушылардың шығамашылық жұмыстарға қызығушылығы артып, мектеп пен ұстаз мерейін үстем етіп жүр.

№24  мектептің мақтаныштары
№24 мектептің мақтаныштары

Ал Көкшетауға аттанған 12 жас ізденушілердің ішіндегі  №47  мектептің оқушысы Бексұлтан алғаш рет ғылыми байқауға қатысып,екінші орынды иеленді.

Бұл орайда жетекшілердің де еңбегі орасан зор. Ал республика деңгейінде тек үздіктермен бақ сынасқан біздің оқушыларымыз үшін де бұл үлкен жеңіс.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*