Қазақ тілін үйрететін қалам бар

Ақтөбе қаласының екі тұрғыны қазақша «сөйлейтін» қалам жасап шығарды. Өнертапқыштардың айтуынша, «Зерек» атты бұл қалам 2 — 7 жас аралығындағы балаларға әріп пен сан үйретуге арналған.

Қазақша сөйлейтін қалам

Ерекше қаламның бағасы-15 мың теңге.  Өнертапқыш азаматтардың бірі Абзал Қадырбаев «Зеректі» «ішіне шағын компьютер жасырылған ақылды қалам» деп таныстырды. Қаламмен бірге қазақ алфавиті жазылған қатырма қағаз, МР3 форматты плеер және үш кітапша сатылып жатыр.

— Кітапшаларды 2-7 жас аралығындағы балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып жасадық. Педагог, психологтармен кеңестік. Білім министрлігінің де рұқсаты бар, — дейді өнертапқыш Абзал Қадырбаев. Өнертапқыштың сөзіне қарағанда, «Зеректің» қуаты екі-үш сағатқа жетеді.

Қалам кәдімгі қалта телефоны мен тұрмыстық техника сияқты электр желісінен қуат алады. Қалам АҚШ пен Еуропа Одағы стандарттарына сай халықаралық сертификациядан өткен. Сондай-ақ, өнертапқыштардың  авторлық құқығы  заңмен қорғалған.

— Қаламның ұшындағы лазер кітапшалардағы ақпаратты «Зеректің» орталық процессорына жеткізеді. Ол жады картасына сұраныс жасайды. Барлық мәлімет сонда. «Зеректі» сөйлетіп тұрған — жады картасындағы аудиофайл. Картаның сыйымдылығы 2 гегабайт. Егер қаламның жадына үйіңіздегі компьютерден ертегі немесе ән-күй көшіретін болсаңыз, сырт көзге әншейін қатырма қағаз сияқты боп көрінетін МР3 форматты плеердің көмегімен тыңдауға да болады.

Абзал Қадырбаевтың мамандығы — хирург. Ал екінші өнертапқыш Бауыржан Сейтенов — мұғалім. Абзалдың сөзіне қарағанда, Бауыржан екеуі идеяларын жүзеге асыру үшін бір жыл уақыттарын жұмсапты.

Қаламды жасаушылар оны Қытайдан шығартып отыр. «Өйткені Қытайға тапсырыс берген арзанға түседі» дейді олар. «Зерек» қаламы Ақтөбеде бір аптадан бері сатылып жатыр. Бір қаламның бағасы — 15 мың теңге.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*