Қарақұмықтың қасиеті

Адам ағзасына түрлі дәрумендер қажет. «Дені саудың жаны сау, жаны саудың тәні сау» деп текке айтылмаса керек-ті. Мәcелен, витаминдерді көп тұтынған адам ауруға жиі шалдықпайтыны анық. Тез берілмейтіні тағы бар. Сондықтан көпшілік С, В, В2 дәрумендерін қыстүгіні де пайдаланғыны дұрыс. Бұл аурудың алдын алып, адамның дертке қарсы тұру иммунитиетін көтереді.

Дәнді дақылдардың пайдасы мол
Дәнді дақылдардың адам ағзасына пайдасы мол

Адам ағзасына дәнді дақылдардан жасалған тағамдарды тұтынғаны пайдалы дейді дүние жүзі ғалымдары. Бұл пікірді эсперимент арқылы тексерген олар расында асқазан ауруларының алдын алуды дәнді дақылдарға ештеңе жетпейді деп ашып айтқан. Ал осы тағам түрлерін ең алдымен қара құмық, жүгері, күріш, сұлы толықтыратын көрінеді. Қарақұмық адамның асқазанына нағыз ем болар табиғи өнім дейді олар. Тіпті 3-4 күн бойы қарақұмықпен тамақтанудың ауызтолтырып айтарлықтай нәтижесі байқалады екен.

Қарақұмықтың асқазанды емдеу бағытында қолданады
Қарақұмықтың асқазанды емдеу бағытында қолданады

Ал арулар үшін сұлулықтың бір сырын ашқалы отырмыз. Себебі, дәл қазіргі уақытта толысып, арықтаудың жолын іздеп, интернетті көрсетілген түрлі диеталардың ұсынымдарын қолданып бас қатырып жүрген арулар баршылық. Сол аруларға да айтарымыз бар біздің. Қарақұмықты жақсылап жуып, суға пісіріп, аз мөлшерде тұз қосып, аптасына 2 күннен осы тағам түрін тұтыныңыз. Сонда асқазаныңыз да емделіп, арықтай аласыз.  Ал кей арулар қарақұмыққа тәбеті тартпауы мүмкін. Мұндай жағдайда күріштің көмегіне жүгініңіз. Майлылығы ең төмен айранмен суға қайнатылған күрішті араластырып жеуіңізге де болады. Бұл да қатерлі ісік сынды қауіпті, аты суық аурудан сақтайды. Ас қорыту жүйесін де жөнге келітіріп, зат алмасу процесіне өзіндік үлесін қосады. Айта кетейік, бұл асты кешкі сағат 6-дан кейін де жей беруге болады екен. Сонымен сөз соңында қарақұмық, күріш сынды дәнді дақылдарды көп тұтынуға кеңес беретінімізді айтамыз!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*