Қала көркіне жауапкершілікпен қарайық

Қоғамның қозғаушы күші — жастар! Әрине, бұл сөз күн өткен сайын жастардың жауапкершілігін мойындатып келеді. Бүгінде білім алып жүрген немесе жоғарғы оқу орнын тәмамдап, өз кәсібін дөңгелетіп жүрген замандастарымыз жоқ емес. Біз бұл үшін қуанамыз, әрине. Себебі, өз арбасын өзі сүйреп, нендей болса да Қазақстанның болашағын баянды ету үшін өз үлесін қосуды көздеген замандастырымыздың әрекеті көпке өнеге! Алайда, қоғамның «әттеген-ай»-лары да осы жастардың дұрыс жолға түсуіне кедергі келтіретіні бар. Дәл қазір қаламыздағы жеке меншік коммерциялық негіздегі нысандардың маңдайша және жарнама қағаздары қателерден көз ашпайды. Анығырақ айтсақ Қазақстан Республикасының бекіткен заңына сәйкес емес. Тиісінше, заңға қарсы!

Шымкентте заңсыз маңдайша жазулары көбейіп барады

Сондықтан да жас кәсіпкер мен осы лауазымға талпынған замандастарымызға мұндай қателіктерді жібермеуге кеңес береміз. Жеке бір нысан ашар алдын міндетті түрде жергілікті әкімшілікке немесе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне бас сұғуға кеңес береміз! Айта өтетін жәйт, бұл Шымкент қаласы дәл осы заң бұзушылық әрекетіне келгенде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көш бастап тұр. Ендеше, қателерге қарсы тұрудың бірден-бір жолы жастар қауымына түсіндірме жұмыстарын дұрыс жүргізу деп білеміз! Замандас, бұл біздің қаламыз! Сондықтан қоғамдық күресті бірге жүргізуіміз қажет-ақ. Бүгінгі толқын қаланың ертеңін елестететіні бар!

Шымкентте жарнама жазулары заңға қарсы

Балқия Көмекбаева, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы: «Шымкент — үлкен қала! Сондықтан заң бұзушылықтардың орын алып отырғанын жасыра алмаймыз. Бүгін 1 жарнама қағазын заңға сәйкестендірсек, күні ертең 10 маңдайша немесе жарнама қағазы сауатсыздықпен ілініп тұрады. Сондықтан мен де жауапты мамандардан жұмысты талап етудемін! Мемлекеттік заңға баршасының бағынуы қажет қой! Өкініштісі сол — мемлекет тарапынан бізге ешқандай заң күші берілмеген. мәселен, заң бұзушыға біз түсіндірме жұмыснан өзге жаза қолдана алмаймыз. Сондықтан бұл тәртіпке бағындай отырған жайы бар. Біздің құзырымызға тек қана түсіндірме жұмыстары ғана енгізілген. Мұны бірі түсінсе, енді бірі құлағына асқысы келмейді! Сол себепті енді ғана кәсібін бастаған жастарға мемлекеттік заңды құрметтей білейікші, дер едім».

Болашақ бүгіннен басталады! Сол үшін де қаламыздың, еліміздің өркендеп-гүлденуіне өзіндік септігімізді тигізейік, Достар! «Шымкенттің — жасыл қала» абыройын сақтап қалуы да Бізге жүктелген. Естеріңізде болсын, көшеге жарнама жазуларын жапсырмалайтын болсаңыз да заңғай сәйкестігіне назар аударыңыз! Ел ертеңіне жауапкершілікпен қарайық, құрдас!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*