Қайрат Нұртас Шымкентте

Жастар үшін жағымды жаңалық! Күні ертең замандастарымыздың сүйікті әншісі, жерлесіміз Қайрат Нұртас Шымкентке арнайы келіп шығармашылық кешін өткізбек! Бұл туралы анасы әрі продюсері Гүлзира Үсенқызы мәлім етті. Ал 9-10-қазан Тараздық өнерсүйерқауымға тұщымды әндерін ұсынған жас әнші 11-қазан күні Оңтүстіктің әнсүйерқаумымен қауышатын болады.

Қайрат Нұртас жерлестерін сағынғанын айтады

Қайрат Нұртас, әнші: «Ия, мен жерлестерімді сағындым. Сондықтан арнайы барып ақ баталарын алып, ән кешімді өткізуді жөн көріп отырмын. Сонымен қатар, бұрынғы әндерімді жаңаша үлгіде жаздырдым. Айта өтейін, бұл кеште менің жаңадан жаздырған әндерім де орындалатын болады. Сонысымен айрықшаланатын  болады. Ал жалпы жерлестерім үшін менің де аянып қалмасым анық, сахна төрінде бар өнерімді салып, жүректен шыққан әндерді жүректеріне жеткізуге тырысамын. Ал шығармашылық кешімнің несімен ерекшеленетінін әзірге құпия ретінде сақтайын. Келген әнсүйерқауымның өздері куә болғанын қалаймын».

Бүгінге дейін көптеген әндерімен жұртшылықтың жүрегінің төрінен орын алып үлгерген Қайрат Нұртастың алдағы уақыт еншісіне қалдырған өнер жолындағы жоспарлары жетерлік. Мұны анасы да растап отыр.

Гүлзира Үсенқызы Қайраттың жоспарларымен бөлісті

Гүлзира Үсенқызы, Қайраттың анасы әрі продюсері: «Қайрат қайда жүрсе де елінің қамын ойлап жүреді. «Мама былай жасасам, көпшілік не дер екен, бұлай жасасам көңілдеріне алып қалады ма деп». Сондықтан, Қайрат әрдайым әнсүйерқауымның көңіліне қарап, жаңа туындылар сыйлаудан жалықпайды. Әрине, жас әнші. Болашаққа деген жоспарлар жоқ емес. Жаңа әндер, жаңа бейнебяндар жарық көреді жуырда. Менің ойымша, Қайрат өнерге келгелі демалыс дегенді сезінген жоқ қой. Әрдайым, ізденіс үстінде жүреді. Халықының жанына жақын болатын, жүрекке жылу сыйлайтын әндер жаздыруды көздеп, мақсат тұтып жүреді. Сосына қарап, кейде балам ерте ержетіп кетпеді ме деп те ойламын. Бірақ, ең бастысы Қайраттың елінің баласы болғанына қарап марқаямын».

Қайрат Нұртас Шымкентте шығармашылық кешін өткізеді

Биыл наурыз айының 7-жұлдызында ғана жерлестері үшін арнайы кешін өткізген жас әнші Қайрат Нұртас қазан айында Шымкентке тағы ат басын бұруды жөн көрген. Анығырақ айтсақ, шығармашылық  кешін өткізуді басты жоспарға қойыпты. Әрине, тыңдармандарының көңілінен шығып, ән сүйерқауымды әнімен әлдилегісі келеді. Жас болса да еліміздің ең танымал әрі таңдаулы жұлдыздарының қатарына енген Қайрат — Оңтүстіктің мақтанышы. Ендеше, жерлестері атаулы кешті асыға күтетін болады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*