Ғаламтор арқылы танылған әнші

Руслан СатеновОрдабасы ауданының тумасы әнші Руслан Сатенов бүгінде өз тындармандарын тапқан әншілердің бірі деуге болады. Русланның орындауындағы «Сен кеттің», «Өткен күн»сынды әндерді әсіресе жастар қауымв сүйіп тыңдайды. Ал жақында әнші алғаш рет гастрольдік сапарын ұйымдастырмақ.

Руслан Сатенов әнші
Жақында яғни наурыз айының 2 жұлдызы күні Ордабасы ауданында концерттік кеш беремін. Бұл менің алғашқы кешім болғандықтан әрине аздап қорқыныш бар. Қазірден тынғылықты дайындыққа кірістік. Концерттік кеш көңілімнен шығады деген сенімде жоқ емес.

Руслан Сатенов телеарна емес, ғаламтор арқылы танылған өнерпаздардың бірі. Өйткені ән жазуға жаны құмар өнер иесі күнделікті ғаламтордағы жеке сайтына жаңа әндерін жүктеп отырған. Бүгінде жастардың аузында жүрген әндердің біразын Руслан орындайтынын көбісі біле бермейді.

Руслан Сатенов әнші
Шыны керек мен телеарна арқылы емес. Ғаламтор арқылы танылдым. Жеке өзімнің сайтыма әндерімді қоямын артынша жастар тартып алып тыңдайды. Өзімді танымасада өнер сүйер қауым әндерімді жақсылап жаттап алған.
Алдағы уақытта керемет әндеріммен өнер сүйер қауымды қуантамын деп алдыма мақсат қойдым.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*